379.36 421.60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Әлем елдері ҚХА жұмысын жоғары бағалайды

  • 156
  • UPD: 23:15, 30.04.2019

Әлем елдері Қазақстан халқы Ассамблеясының жұмысын жоғары бағалайды.

Осы маңызды саяси-қоғамдық ұйымның кезекті сессиясы мұхиттың арғы бетінде де назардан тыс қалған жоқ.

Түрлі нәсіл, дін мен халықтардың өкілдері аралас тұратын АҚШ этникалық топтар құқықтарының сақталуына ерекше көңіл бөледі. Мұнда ұлтаралық әрі діни татулық және қоғамдағы саяси тұрақтылықты қамтамасыз етуде Қазақстан билігі қабылдаған шараларды жиі үлгі етеді.

Эдвард Старосельский, режиссер, продюсер:

- Қазақстанда 100-ден аса халықтың өкілі бар. Бәрі де тату тұрады. Кеңес Одағы ыдырағанда тұрмысы нашарлағанына байланысты толқулар туындауы немесе ұлтшылдық өршуі мүмкін еді. Нұрсұлтан Назарбаевтың арқасында елдеріңіз осының бәрінен аман қалған. Жаңа Президентіңізге экология, технологиялық және әлеуметтік жағдайы тәуір және алға ұмтылған ел мұраға қалып отыр. Осы үшін халқыңызға ризамын. Нью-Йоркте кездесіп жүрген қазақстандықтар өте мейірімді, ақкөңіл және кішіпейіл адамдар.

Хабар 24 телеарнасы