378.98 423.00 5.88
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Болашақта сайланатын президент халық көкейіндегі мәселелерді ескеруі тиіс – Саясаттанушы

  • 130
  • UPD: 14:30, 02.05.2019
Болашақта сайланатын президент халық көкейіндегі мәселелерді ескеруі тиіс – Саясаттанушы

Болашақта сайланған президент тек өз платформасын ғана емес, халық қолдаған қағидаларды міндетті түрде ескеруі керек.

Сонда ғана ел оған үлкен жауапкершілік арта алады. Саясаттанушы Берік Әбдіғалиев осылай дейді. Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтында өткен сараптамалық талқылауда еліміздегі ішкі және сыртқы саясаттың сабақтастығы мен тұрақтылығы сөз болды. Білікті сарапшылар, алдағы саяси науқанды тілге тиек етіп, негізгі аспектілерін талқылады.

Берік Әбдіғалиев, саясаттанушы:

- Елдің, қоғамның көкейінде көптеген мәселелер бар. Сондықтан болашақ жаңа президентті сайлау платформасын талқылайды халық. Сол қалай болады. Соның талқылауына байланысты болашақта сайланған президент міндетті түрде тек қана өз платформасын ғана емес, басқалардың, елдің қолдаған программаларындағы қағидаларды бәрі ол да өз мойнына алып, орындау керек. Сондықтан үлкен жауапкершілік.

Хабар 24 телеарнасы