378.89 422.90 5.88
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мемлекет басшысы Жапонияның жаңа Императорын құттықтады

  • 220
  • UPD: 16:24, 02.05.2019
Мемлекет басшысы Жапонияның жаңа Императорын құттықтады Алау-ТВ

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Жапония Императоры тағына отыруына байланысты Нарухитоға құттықтау жеделхатын жолдады.

Жеделхатта Мемлекет басшысы барша Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан Нарухитоны Жапония Императоры тағына отыруына орай құттықтап, тәуелсіздігіміздің алғашқы күндерінен бастап Қазақстанның Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев еліміздің Жапониямен ынтымақтастығын дамытуға ерекше мән бергенін атап өтті.

«Қысқа тарихи мерзім ішінде елдеріміз арасындағы қарым-қатынастар кеңейтілген стратегиялық әріптестік деңгейіне жетті. Қазақстан Республикасының Президенті ретінде еліміздің сыртқы саясаттағы сабақтастықты сақтап, халықтарымыздың игілігі үшін Қазақстан мен Жапония арасындағы өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға күш саламын.

Бүгінде Жапония біздің еліміз үшін Азиядағы сенімді әрі стратегиялық серіктес саналады. Сіздің қолдауыңызбен «Рэйва» дәуірінде жан-жақты ықпалдастық аясын тереңдету үрдісі одан әрі жалғасын табатынына ерекше үміт артамын», – делінген жеделхатта.

Соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Жапония Императорына мол табыс, ал достас жапон халқына береке және тұрақтылық тіледі, деп жазады Ақорданың баспасөз қызметі.

Хабар 24 телеарнасы