378.87 423.00 5.88
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ҚР ОСК Ж.Әлиевті президенттікке кандидат ретінде тіркеуден бас тартты

  • 190
  • UPD: 17:39, 02.05.2019

Бүгін Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының отырысы өтіп, оған саяси партиялар мен бірқатар мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты.

Нәтижесінде, Орталық сайлау комиссиясы Жұматай Әлиевтің мемлекеттік тілді еркін меңгермегені туралы емтихан нәтижесін ескере отырып, Конституция мен Сайлау туралы Конституциялық заңда Президенттікке кандидатқа қойылатын талаптарға сәйкес еместігі туралы хаттама қабылдады. Осыған байланысты Ортсайлауком қаулысы қабылданып, Қаулы бойынша комиссия Жұматай Әлиевті Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат ретінде тіркеуден бас тартты.

Айта кетейік, Жұматай Әлиев осының алдында қазақ тілінен сынақ тапсырып, лингвистикалық комиссия шешімімен мемлекеттік тілді еркін меңгермеген деген шешім шығарған болатын.

Үміткер 28 сәуірде Орталық сайлау комиссиясына «Халық демографиясы» қоғамдық бірлестігінің атынан Қазақстан Президенттігіне кандидат ретінде ұсынылған болатын.

Ескерте кетейік, елімізде 9 маусымда өтетін саяси дода мен оған қатысуға бел буған үміткерлер туралы барлық жаңалықты сайтымыздан #президенттік сайлау 2019 хештегі арқылы таба аласыздар. 

Хабар 24 телеарнасы