379.36 421.60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


А.Мамин елордадағы емхананы аралады

  • 156
  • UPD: 13:50, 07.05.2019
А.Мамин елордадағы емхананы аралады

Премьер-Министр Асқар Мамин елордалық денсаулық сақтау жүйесіндегі цифрландырумен танысты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Үкімет басшысы ересектер мен балалар бөлімдерін және амбулаториялық хирургия, медициналық оңалту бөлімдерін аралады.  Онда  денсаулық сақтау саласындағы соңғы цифрлық жүйе пилоттық режимде енгізілген. Бұл – науқастар ағынын қадағалап, шұғыл медициналық көмек көрсету, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді реттейтін Triage ақпараттық жүйесі. Сондай-ақ электронды денсаулық паспорттары мен өзге де медициналық құжаттар осы жүйеге кіреді. Емханада тұрғындармен кері байланыс орнату үшін дәрігерлердің жұмыс сапасын бағалайтын мобильді қосымша іске қосылған. Емхананың бас дәрігерінің айтуынша, цифрландыру нәтижесінде тұрғындардың кезекке тұруы 60%-ке азайған. Премьер-Министр алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін ұйымдар желісін құру жобасымен танысты.

Хабар 24 телеарнасы