378.87 423.00 5.88
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ҚР ОСК Қасым-Жомарт Тоқаевты президенттік сайлауға кандидат ретінде тіркеді

  • 341
  • UPD: 14:59, 03.05.2019

Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР президенттігіне үміткер ретінде тіркелді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы бүгін орталық сайлау комиссиясында айтылды. Кандидаттың заңға сай тапсыруы тиіс құжаттары ұсынылып, арнайы жарнасы төленген. Сондай-ақ 315 910 қазақстандық оның кандидаттығына қолдау білдіріп, қол қойды. Айта кетейік, заң аясында үміткер 118 140 қол жинауы тиіс. Орталық сайлау комиссиясының өкілдері Қасым-Жомарт Тоқаевтың сенімді өкілі Мәулен Әшімбаевқа үміткер куәлігін табыстады. Еске салайық, ҚР президенттігін кезектен тыс сайлауға 36 күн қалды. 

Мәулен Әшімбаев, «Nur Otan» партиясы төрағасының орынбасары, үміткердің сенімді өкілі:

– Бүгінгі шешімнен кейін Қасым-Жомарт Кемелұлының қоғамдық республикалық штабы құрылады. Біздің кандидатымыз осы штабты басқаруды маған тапсырды. Біз керекті жұмыстарды бастап кетеміз. Біз 11 мамыр күні сағат 18:00-ден бастап үгіт-насихат жұмыстарын жүргізетін боламыз. Ол жұмыстар толықтай заң аясында жүргізілетін болады.

Ескерте кетейік, елімізде 9 маусымда өтетін саяси дода мен оған қатысуға бел буған үміткерлер туралы барлық жаңалықты, сондай-ақ сарашылар пікірлерін сайтымыздан #президенттік сайлау 2019 хештегі арқылы оқи аласыздар.

Хабар 24 телеарнасы