378.01 421.60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Сайлау 2019: Қостанай облысында 592 мың 169 адам дауыс беру құқығына ие

  • 165
  • UPD: 15:00, 03.05.2019

Президенттікке үміткерлердің қол жинау кезеңінің аяқталуына бір апта уақыт қалды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Заң талабына сәйкес олар жалпы сайлаушылардың 1 проценті қолдайтындығын білдіріп, қол қойылған парақтарын тапсыруы тиіс. Соңғы мәліметке сүйенсек, Қостанай облысында 592 мың 169 адам дауыс беру құқығына ие. Бұл өңірде сайлаушылар саны 40 мыңға артқандығын көрсетеді. Қазір өңірде кандидаттардың сенімді өкілдері бар. Солардың екеуі қол қойылған парақтарын тапсырып үлгірген. Сайлау комиссиясының мүшелері жиналған қолдардың түпнұсқалығын тексеріп, тиісті хаттама толтырды.

Антонина Маркова, облыстық сайлау комиссиясының төрайымы:

– Кейбір тұстарында тегі ғана көрсетіліп, аты-жөні жазылмаған. Туған жылы, жеке куәлігінің нөмірі сияқты деректер толтырылмаған. Енді бір жерінде тұрақты мекенжайы ұмыт қалдырылған. Міне осындай олқылықтардың салдарынан қойылған қол есепке алынбайды.

Хабар 24 телеарнасы