378.89 422.90 5.88
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ҚР ОСК Сәді-Бек Түгелді президенттік сайлауға кандидат ретінде тіркеді

  • 225
  • UPD: 23:09, 03.05.2019

«Ұлы дала қырандары» республикалық қоғамдық бірлестігі ұсынған Сәді-Бек Түгел ресми түрде ҚР-ның президенттігіне кандидат ретінде тіркелді. 

Бұған дейін ол заңға сай орталық сайлау комиссиясына қажетті құжаттарын тапсырған болатын. Мемлекеттік тілді еркін білетінін де дәлелдеді. Сондай-ақ, 122 мыңнан аса  қол жинаған, оның 120 мың 175-і есепке алынды. Осылайша орталық сайлау комиссиясының өкілдері Сәді-Бек Түгелге кандидат куәлігін табыс етті. Үміткердің үгіт-насихат жұмыстары 11 мамырда басталады.

Сәдібек Түгел, ҚР президентігіне кандидат:

- Адамдардың қолын жинап, ОСК өткіздік. Соның нәтижесінде ҚР Президенттігіне кандидат деген маған куәлік берілді. Барлық азаматтарға, бүкіл Қазақстандағы қолдаған барлық қолдаушыларыма ризашылығымды білдіріп, рахметімді айтамын. Өте үлкен жұмыс атқарылды. Бұл менің өмірімдегі алтын тарих болып қалады деп есептеймін. Көп рахмет.

Ескерте кетейік, елімізде 9 маусымда өтетін саяси дода мен оған қатысуға бел буған үміткерлер туралы барлық жаңалықты, сондай-ақ сарашылар пікірлерін сайтымыздан #президенттік сайлау 2019 хештегі арқылы оқи аласыздар.

Хабар 24 телеарнасы