379.36 421.60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтөбеде белгілі сарапшылар сайлау алдындағы науқанды талқылады

  • 135
  • UPD: 17:55, 03.05.2019

Өңірлік мемлекеттік университетінің ғимаратында өткен жиынға оқу орнының ұстаздары мен қоғамдық бірлестік өкілдері қатысты.

Сарапшылар саяси науқанға дайындықтың қызу жүріп жатқандығын жеткізді. Бірінші кезекте қазіргі таңда үгіт-насихат әдістерінің өрісі кеңігендігі сөз болды.

«Дәстүрлі бұқаралық ақпарат құралдарымен қатар интернеттің мүмкіндігін пайдаланып жүргізілген электоралды кампанияның жемісті болатындығы айдан анық дейді саясатшылар. Бұл орайда жас аудиторияның саяси белсенділігін де бүгіннен бастап анықтау маңызды. Ал сайлау процесіне түрлі саяси күштердің қатысуы оның ашық және қарқынды өтетінін меңзейді. Кезектен тыс өткеніне қарамастан орталық сайлау комитеті белгілеген регламент партияларға тиісті ұйымдастыру және дайындық жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік берді. 

Ерлан Саиров, саясаттанушы:

- Қоғамда әртүрлі пікір бар. Осы дискуссияның өзі еліміздегі халықтың қоғамдық процестерге сонымен бірге осындай сайлау процестеріне қызығушылығының бар екендігін және халық өзінің болашағын осындай сайлау арқылы өзінің қолында ұстағысы келетіндігі көрсетіп отыр. Әрбір сайлау ол қоғамның саяси мәдениетін өсірудің құралы.

Хабар 24 телеарнасы