379.36 421.60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ҚКХП Атырау облыстық филиалында сайлауға дайындық жүйелі жүріп жатыр

  • 142
  • UPD: 20:54, 03.05.2019

Қазақстан коммунистік халықтық партиясы Атырау облыстық филиалында  президент сайлауына дайындық жүйелі жүруде.

Саяси науқан басталысымен олар партия атынан ұсынылған үміткерлерін қолдау мақсатында   іске кіріскен болатын. Бүгін атыраулық коммунистер 5 мың қол жинап, орталық сайлау комиссиясына тапсырды. Енді өз үміткерлерінің сайлауалды бағдарламасын бұқараға насихаттауды қолға алмақ. Атырау облысында Қазақстан  коммунистік халықтық партиясының 5 мыңнан астам мүшесі бар. Олар 30 бастауыш ұйымға топтасқан.

Ерболат Дәулетқазиев, ҚКХП облыстық комитетінің  бірінші хатшысы:

- Сонымен біздерде штабта үгітшілеріміз бар. Парақшаларды желімдейміз, билбордтарды сонымен қатар әрбір үйге барып, айтып өзіміздің үміткеріміздің бағдарламасын таныстырамыз. Әрі қарай солай жұмыс жасауға кірісеміз.

Хабар 24 телеарнасы