378.87 423.00 5.88
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ҚР ОСК А.Таспиховты президенттікке кандидат ретінде ресми тіркеді

  • 209
  • UPD: 21:27, 04.05.2019

 

Бүгін Орталық сайлау комиссиясы Амангелді Таспиховты Қазақстан Республикасының президенттігіне кандидат ретінде тіркеу туралы қаулыға қол қойды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оның аймақтардағы қолдаушылары да дауыс жинау науқанына белсенді қатысып, жалпы саны 122 мыңнан астам қол жинаған.

Тіркеуден өту өшін үміткер кірістері мен мүлкі туралы декларация, тіркеуге кедергі келітретін аурулары жоқтығы туралы медициналық қорытынды тапсырып, оны қолдайтын азаматтардың қолын жинау керек болатын. «Қазақстан кәсіподақтар федерациясы» атынан шыққан кандидат Республикамыздың барлық өңірінен 122 мыңнан астам қол жинаған. Оның 119 577-сі талапқа сәйкес деп танылды. Осы ретте ретте Амангелді Таспиховтың Орталық сайлау комиссиясына ұсынылған барлық құжаттары талапқа сай деп танылып, оған ҚР Президенттігіне кандидат ретінде тіркелгені туралы тиісті куәлік табысталды. Үміткердің сайлауалды бағдарламасы алдағы уақытта ұсынылатын болады.

Сәбилә Мұстафина, ҚР ОСК хатшысы:

– Амангелді Сатыбалдыұлы Таспихов 2019 жылғы 9 маусымға тағайындалған ҚР президенттігінің кезектен тыс сайлауында ҚР президенттігіне кандидат ретінде тіркелсін. Кандидат А. Таспиховқа тиісті куәлік берілсін. А. Таспихов арнаулы шотты ашу үшін Қазақстан Халқы банкі АҚ-на президенттікке кандидат болып тіркелгені жайлы мәліметтер ұсынылсын.

Ал үміткердің шығысқазақстандық әріптестері 12 аудан 6 қаладан бар болғаны екі күн ішінде 11 мың 558 қол жинаған. Солардың ішінде облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының үлесі басым. Өйткені аталған сала бойынша ұйымға 59 мыңнан астам адам мүше екен.

Назгүл Қасенова, Білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы облыстық ұйымының төрайымы:

– Тек қана облыс емес әр ауданда біздің сенімді өкілдеріміз белгіленді, анықталды.

Алматы облысында да аталған саяси іс-шара ерекше ынтамен өтті. Кәсіподақ ұйымдарынан Амангелді Таспиховты президенттікке үміткер ретінде ұсынуға жалпы 17 200 қол жиналған. Бұл өңірде кандидаттың 151 сенімді өкілі тіркелген. Олар енді алдағы үгіт насихат жұмыстарына әзірлік үстінде.

Бибігүл Құсайынова, ҚР президенттігіне үміткер А.Таспиховтың сенімді өкілі:

– Қазір сайлауалды науқан жұмыстары жүргізіліп жатыр, 12 мамырдан бастап барлық аймақтарда үгіт-насихат материалдары, кандитатпен кездесу жұмыстары 12 мамырдан басталады.

Айта кету керек, жалпы еліміз бойынша кәсіподақтар ұйымы федерациясының 2 миллионнан астам мүшесі бар.

Авторлары: Э.Ахметова, А.Төлепов, Әділхан Сахариев

Ескерте кетейік, елімізде 9 маусымда өтетін саяси дода мен оған қатысуға бел буған үміткерлер туралы барлық жаңалықты, сондай-ақ сарашылар пікірлерін сайтымыздан #президенттік сайлау 2019 хештегі арқылы оқи аласыздар.

Хабар 24 телеарнасы