379.36 421.60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Дания Еспаева – президенттікке үміткер ретінде ресми тіркелген бірінші әйел

  • 260
  • UPD: 18:30, 04.05.2019
Дания Еспаева – президенттікке үміткер ретінде ресми тіркелген бірінші әйел election.gov.kz

Бүгін бірқатар саяси партия мен мемлекеттік орган өкілдерінің қатысуымен Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының отырысы өтті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазақстан Республикасының президенттігіне үміткер алғашқы әйел кандидат Дания Еспаева бүгін Орталық сайлау комиссиясында тіркеу куәлігін алды. Талаптарға сай үміткер кірістері мен мүлкі туралы декларация, тіркеуге кедергі келтіретін аурулары жоқтығы туралы медициналық қорытынды тапсырып, оны қолдайтын азаматтардың қолын жинау керек болатын. «Ақ жол» Демократиялық партиясы» қоғамдық бірлестігі атынан шыққан кандидат республикамыздың барлық өңірінен 144 мыңнан астам қол жинаған. Оның 139 541-і жарамды деп танылды. Осы ретте Дания Мәдиқызы Еспаеваның Орталық сайлау комиссиясына ұсынылған барлық құжаттары талапқа сай деп танылып, комиссия оны тіркеу туралы қаулыны бір ауыздан мақұлдады.

Дания Еспаева, ҚР президенттігіне кандидат:

– Бүгін – өте маңызды күн. Себебі мен – тек «Ақ жол» партиясының атынан ғана емес, тұтас әйелдер қауымы атынан шығып тұрған кадидатпын. Сондықтан ҚР президенттігіне үміткер алғашқы әйел кандидат болу – үлкен жауапкершілік. Тіркеуге дейінгі процедуралардың барлығы Конституция талаптарына сай жүргізілді.

Ескерте кетейік, елімізде 9 маусымда өтетін саяси дода мен оған қатысуға бел буған үміткерлер туралы барлық жаңалықты, сондай-ақ сарашылар пікірлерін сайтымыздан #президенттік сайлау 2019 хештегі арқылы оқи аласыздар.

Хабар 24 телеарнасы