378.87 423.00 5.88
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мемлекет басшысы бірқатар тағайындау жасады

  • 159
  • UPD: 19:17, 04.05.2019
Мемлекет басшысы бірқатар тағайындау жасады

Марат Рахымұлы Құсайынов Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы қызметіне тағайындалды.

Ол «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы қызметінен босатылды. Қайдар Сәмиғұлұлы Қарақұлов «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы қызметіне тағайындалды, ол Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Құрлық әскерлері Десанттық-шабуылдау әскерлерінің қолбасшысы қызметінен босатылды.

Сонымен қатар Қаныш Асанханұлы Әбубәкіров Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Құрлық әскерлері Десанттық-шабуылдау әскерлерінің қолбасшысы қызметіне тағайындалды, ол «Батыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы қызметінен босатылды.

Ал Нұрлан Қапанұлы Алдияров «Батыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы қызметіне тағайындалды.

Қайрат Әнуарбекұлы Садықов Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштері Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің қолбасшысы қызметіне тағайындалды.

Мемлекет басшысының Өкімімен сондай- ақ Серік Базарбекұлы Ысмайылов Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштері Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің қолбасшысы қызметінен босатылды.

Ақпарат көзі: akorda.kz 

Хабар 24 телеарнасы