389,81 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Шымкентте «Nur Otan» партиясынан сайлауға кандидатты қолдау штабы жұмысын бастады

  • 584
  • UPD: 09:31, 05.05.2019

Шымкентте «Nur Otan» партиясынан сайлауға түскен кандидатты қолдауға арналған қоғамдық штаб жұмысын бастады.

Штабтың негізгі мақсаты Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидаттың сайлау науқанындағы  бағдарламасын халыққа түсіндіріп, насихат жұмыстарын жүргізу. Оның құрамына түрлі саладан 86 азамат енген. Олардың дені  танымал әрі беделді азаматтар, сондай-ақ  мемлекеттік мекеме, мен қоғамдық ұйым, және этномәдени орталықтардың өкілдері. Шаһарда алда 43 мобильді үгіт-насихат  тобы құрылып, ондағы белсенділер 11 мамырдан бастап бағытталған іс-шараларға бел шеше кіріспек. Бұдан бөлек, штаб құрылымында қоғамдық қабылдау бөлмесі жұмыс жасайды.

Дария Қожамжарова, М.Әуезов атындағы ОҚМУ ректоры:

- «Nur Otan» партиясының алдындағы қойып отырған мақсат-жастардың болашаққа деген сенімін арттыру. Партияға деген сенімін арттыру. Еліміздің билігінің лигитимді екендігіне сенімді арттыру болып табылады.

Мұхтархан Ділдәбеков, облыстық бокс мектебінің директоры:

- Қаншама спорт кешені, спорт сарайлары елімізде мынау ауылдағы жас балдар келіп осындай дәрежеге көтеріліп әлем біріншіліктері олимпиада ойындарына қатысып қаншама балдар жетістікке жетіп жатыр. Мұның барлығы елдің тұрақтылығының бірлігінің арқасында. Әрине Елбасының арқасында деп  сеніммен айта аламын.

Хабар 24 телеарнасы