379.36 421.60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Nur Otan» партиясының Алматы қалалық сайлауалды штабы құрылды

  • 158
  • UPD: 14:02, 05.05.2019

Штаб жетекшісі Рахман Алшановтың айтуынша бір қалалық және 8 аудандық штаб болады.

Қалалық  сайлауалды  штабынының құрамына 170 адам кірген.  Оларды арасында   ғылым мен мәдениет және спорт саласындағы танымал тұлғалар, қоғам қайраткерлері, «Nur Otan» партиясы қалалық филиалы Саяси кеңесінің мүшелері мен Қазақстан Халқы Ассамблеясының  өкілдері бар. Бүгінде Алматы қаласы бойынша «Nur Otan» партиясының 80 мыңнан аса мүшесі болса, соның бір жарым мыңына  президенттікке үміткер кандидаттың сенімді өкілі деген куәлік берілді. 

Рахман Алшанов, «Nur Otan» партиясының алматы қалалық сайлауалды штабының жетекшісі:

- Негізгі мақсат, халықпен кездесіп, біздің кандидатымыздың бағдарламасын жеткізу, халықты тыңдау, ұсыныстарын жинау топтастырып одан кейін ұсыну біздің кандидатқа барып. Халықтың осындай пікірі бар екен. Осыған көңіл бөлу керек болашақта дегендей.

Ескерте кетейік, елімізде 9 маусымда өтетін саяси дода мен оған қатысуға бел буған үміткерлер туралы барлық жаңалықты, сондай-ақ сарашылар пікірлерін сайтымыздан #президенттік сайлау 2019 хештегі арқылы оқи аласыздар.

Хабар 24 телеарнасы