378.77 425.70 5.86
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Төлеутай Рақымбеков президенттікке кандидат ретінде ресми тіркелді

  • 179
  • UPD: 15:07, 06.05.2019
Төлеутай Рақымбеков президенттікке кандидат ретінде ресми тіркелді

Төлеутай Рақымбеков Қазақстан президенттігіне кандидат болып тіркелді.

Орталық сайлау комиссиясы «Ауыл» партиясынан ұсынылған үміткердің тапсырған құжаттарын талаптарға сәйкестігін растады. Сонымен бірге алдағы сайлауға түсетін Төлеутай Сатайұлы еліміздің 15 өңірінен 122 309 азаматтың қолын жинаған. Бірақ оның 1555-і комиссия қабылдаған жоқ. Десе де кандидат куәлігін алу үшін үміткерге 118 140 қол жинау жеткілікті.

Ескерте кетейік, елімізде 9 маусымда өтетін саяси дода мен оған қатысуға бел буған үміткерлер туралы барлық жаңалықты, сондай-ақ сарашылар пікірлерін сайтымыздан #президенттік сайлау 2019 хештегі арқылы оқи аласыздар.

Хабар 24 телеарнасы