378.89 422.90 5.88
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Сайлау 2019. Қанша адам ел президенттігіне ресми кандидат атанды?

  • 331
  • UPD: 12:38, 06.05.2019
Сайлау 2019. Қанша адам ел президенттігіне ресми кандидат атанды? ҚР ОСК

9 маусымда елімізде өтетін президенттік сайлауға ресми тіркелген үміткерлер саны осымен 7 адам болды.

Орталық сайлау комиссиясы бүгін өткізген отырыстарында Төлеутай Рақымбеков пен Жамбыл Ахметбековтің, сондай-ақ Әміржан Қосановтың құжаттарын талаптарға сай келетіндігін растап, үміткерлердің кандидатураларын саяси додаға қатысуға ресми тіркеуден өткізді.

Осылайша, бірер күнде басталатын сайлауалды кампанияларын заңды түрде жүргізе алатын жеті бәсекелестің есімдерін нақты атасақ болады. Олар:  Nur Otan партиясы ұсынған Қасым-Жомарт Тоқаев; «Ұлы дала қырандары» республикалық қоғамдық бірлестігі ұсынған Сәді-Бек Түгел; Қазақстан кәсіподақтар ұйымы федерациясынан Амангелді Таспихов; «Ақ жол» Демократиялық партиясы» қоғамдық бірлестігі атынан шыққан Дания Еспаева; «Ауыл» партиясынан Төлеутай Рақымбеков, «Қазақстан Коммунистік Халық партиясы» қоғамдық бірлестігінен ұсынылған Жамбыл Ахметбеков,  «Ұлт тағдыры» Біріккен ұлттық-патриоттық қозғалысы» қоғамдық бірлестігінен Әміржан Қосанов.

Ескерте кетейік, елімізде 9 маусымда өтетін президенттік сайлау туралы барлық жаңалық пен сарапшылар пікірлерін  сайтымыздан #президенттік сайлау 2019 хештегі арқылы таба аласыздар.

Хабар 24 телеарнасы