378.01 421.60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ҚР ОСК Әміржан Қосановтың кандидатурасын ресми тіркеді

  • 201
  • UPD: 12:47, 06.05.2019
ҚР ОСК Әміржан Қосановтың кандидатурасын ресми тіркеді ҚР ОСК

Орталық сайлау комиссиясы Әміржан Қосановты Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат ретінде тіркеу туралы қаулы қабылдады.

Президенттікке кандидат Әміржан Сағидрахманұлы Қосановты қолдап Қазақстанның 14 өңірінен оны Президенттікке кандидат ретінде қолдайтын 131 189 азаматтың қолын жинаған, олардың ішінде 129 582 қол рас болып танылды.

Нәтижесінде, ҚР ОСК Әміржан Қосановты президенттікке кандидат ретінде тіркеуге қажетті барлық құжаттар Орталық сайлау комиссиясына ұсынылды және оларға қойылатын талаптарға толық сәйкес келеді деген шешім қабылдап,  кандидат ретінде ресми түрде тіркеуге алды.

Хабар 24 телеарнасы