384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Еліміздегі президенттік сайлауға 45 шетелдік бақылаушы аккредитация алды

  • 596
  • UPD: 17:58, 06.05.2019

Қазақстандағы кезектен тыс сайлауды бақылау үшін 45 шетелдік байқаушы аккредитация алды.

Олар халықаралық ұйымдардың мүшелері. Атап айтсақ, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы, ТМД-ға мүше елдердің Парламентаралық Ассамблеясы, Ислам ынтымақтастығы ұйымы, Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымынан келетін миссиялардың өкілдері. Сонымен бірге еліміздегі саяси аламанды жариялау үшін 53 журналист тіркелу үшін өтініш берген екен.

Зәуреш Баймолдина, ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшесі:

- Жалпы алғанда СІМ тұрақты негізде 28 БАҚ 94 журналисі аккредиттелді. Аккредитацияға екі түрлі журналистер жатады. Олар тұрақты негізде. Олар СІМ қазір бар. Және де уақытша аккредитеттеуге жататын журналистер. Олар өз өтінімдерін беріп отыр.

Хабар 24 телеарнасы