378.77 425.70 5.86
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ОСК ҚР Президенттігіне кандидаттарды тіркеуді мерзімінен бұрын аяқтады

  • 200
  • UPD: 13:46, 08.05.2019

Бүгін Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының отырысы өтіп, оған бірқатар саяси партия мен мемлекеттік орган өкілдері қатысты.

Отырыс барысында  Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттарды тіркеу қорытындылары туралы, бұқаралық ақпарат құралдарында сөз сөйлеу үшін кандидаттарға қаражат бөлу қағидалары мен көлемін бекіту туралы, сайлау алдындағы үгіт туралы мәселелер қаралды.

ҚР ОСК төрағасының орынбасары К. Петров 11 мамырда сағат 18-00-де Республика Президенттігіне кандидаттарды тіркеу кезеңі аяқталатынын хабарлады.

Конституция мен «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның талаптарына сәйкес келетін барлық ұсынылған кандидаттарды Орталық сайлау комиссиясы 2019 жылғы 06 мамырға дейін тіркеген.

Айта кетейік, кандидаттың заңнама талаптарына сәйкестігін анықтау туралы мәліметтерді екі күн ішінде уәкілетті мемлекеттік органдардың ұсынуы мерзімдерін қысқарту, қол қою парақтарын беру мерзімдерін екі күнге дейін, сондай-ақ АСК қол қою парақтарын тексеру мерзімдерін 5 күнге дейін қысқарту туралы ОСК қабылдаған бірқатар шешімдері кандидаттарды тіркеу кезеңін мерзімінен бұрын аяқтауға мүмкіндік берді.

Бұл уақыт кандидаттарға штаб қызметін ұйымдастырумен айналысуға, сайлау қорларында қаражатты жинақтауға және үгіт кезеңіне неғұрлым сапалы дайындалуға мүмкіндік бермек.

Осылайша Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасының Президенттігіне 7 кандидатты тіркеді:

1. Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевты Nur Otan партиясы қоғамдық бірлестігі 2019 жылы 23 сәуірде ұсынды. 2019 жылғы 3 мамырда «2019 жылғы 9 маусымға тағайындалған Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауында Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидат ретінде Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевты тіркеу туралы» ОСК № 24/257 қаулысы қабылданды.

2. Сәді-Бек Түгелді «Ұлы дала қырандары» республикалық қозғалысы 2019 жылғы 22 сәуірде ұсынды. 2019 жылғы 3 мамырда «2019 жылғы 9 маусымға тағайындалған Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауында Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидат ретінде Сәді-Бек Түгелді тіркеу туралы» ҚР ОСК № 25/25 қаулысы қабылданды.

3. Амангелді Сатыбалдыұлы Таспиховты «Қазақстан Республикасының кәсіподақтар Федерациясы» 2019 жылғы 25 сәуірде ұсынды. 2019 жылғы 4 мамырда «2019 жылғы 9 маусымға тағайындалған Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауында Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидат ретінде Амангелді Сатыбалдыұлы Таспиховты тіркеу туралы» ҚР ОСК № 26/259 қаулысы қабылданды.

4. Дания Мәдиқызы Еспаеваны «Ақ жол» Қазақстанның демократиялық партиясы» қоғамдық бірлестігі 2019 жылғы 25 сәуірде ұсынды. 2019 жылғы 4 мамырда «2019 жылғы 9 маусымға тағайындалған Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауында Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидат ретінде Дания Мәдиқызы Еспаеваны тіркеу туралы» ҚР ОСК № 27/260 қаулысы қабылданды.

5. Төлеутай Сатайұлы Рахымбековті «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы» қоғамдық бірлестігі 2019 жылғы 26 сәуірде ұсынды. 2019 жылғы 6 мамырда «2019 жылғы 9 маусымға тағайындалған Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауында Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидат ретінде Төлеутай Сатайұлы Рахымбековті тіркеу туралы» ҚР ОСК № 28/261 қаулысы қабылданды.

6. Жамбыл Әужанұлы Ахметбековті «Қазақстан Коммунистік Халық партиясы» қоғамдық бірлестігі 2019 жылғы 26 сәуірде ұсынды. 2019 жылғы 6 мамырда «2019 жылғы 9 маусымға тағайындалған Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауында Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидат ретінде Жамбыл Әужанұлы Ахметбековті тіркеу туралы» ҚР ОСК № 29/263 қаулысы қабылданды.

7. Әміржан Сағидрахманұлы Қосановты «Ұлт тағдыры» ұлттық патриоттық қозғалысының қоғамдық бірлестігі 2019 жылғы 27 сәуірде ұсынды. 2019 жылғы 6 мамырда «2019 жылғы 9 маусымға тағайындалған Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауына Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидат ретінде Әміржан Сағидрахманұлы Қосановты тіркеу туралы» ҚР ОСК № 30/264 қаулысы қабылданды.

Тіркеу кезеңінен кейінгі келесі сайлау алдындағы үгітті бастау кезеңі  2019 жылғы 11 мамырда жергілікті уақыт бойынша 18.00 сағаттан кейін басталады, деп хабарлады ҚР ОСК.

Ескерте кетейік, елімізде 9 маусымда өтетін президенттік сайлау туралы барлық жаңалық пен сарапшылар пікірлерін  сайтымыздан #президенттік сайлау 2019 хештегі арқылы таба аласыздар.

Хабар 24 телеарнасы