378.77 425.70 5.86
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Орталық сайлау комиссиясына жеке тұлғалар мен заңды тұлғалар өтініш жолдаған

  • 107
Орталық сайлау комиссиясына жеке тұлғалар мен заңды тұлғалар өтініш жолдаған ҚР ОСК

Бүгін Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының отырысы болып өтті, оған бірқатар саяси партия мен мемлекеттік орган өкілдері қатысты.

Отырыста комиссия қарауына жеке тұлғалар мен заңды тұлғалардың келіп түскен өтініштер туралы айтылды.

«Бүгінгі күнгі жағдай бойынша Ортсайлаукомға 60 өтініш келіп түсті, оның ішінде Президенттікке кандидаттарды тіркеу кезеңінде 25 өтініш келіп түсті, оның ішінде: 21 – жеке тұлғалардан; 4 – заңды тұлғалардан. Өтініштер пошта конверттері, электрондық үкімет порталы, Ортсайлаукомның электрондық поштасы арқылы және қолма-қол келіп түсті. Сипаты бойынша өтініштер сайлау процесін ұйымдастыру (17); сайлау заңнамасы мәселелері бойынша түсіндірме беру (8) болып бөлінді», - деп хабарлады ҚР ОСК.

Ескерте кетейік, елімізде 9 маусымда өтетін президенттік сайлау туралы барлық жаңалық пен сарапшылар пікірлерін  сайтымыздан #президенттік сайлау 2019 хештегі арқылы таба аласыздар.

Хабар 24 телеарнасы