378.87 423.00 5.88
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Тыйым салынған. Кімдер сайлау алдындағы үгітті жүргізе алмайды?

  • 209
  • UPD: 15:17, 08.05.2019
Тыйым салынған. Кімдер сайлау алдындағы үгітті жүргізе алмайды? ҚР ОСК

Сайлау алдындағы үгіт туралы ҚР ОСК төрағасының орынбасары Константин Петров баяндады.

Сайлау заңнамасына сәйкес, сайлау алдындағы үгіт - бұл сайлаушыларды сол немесе өзге кандидатты жақтап немесе оған қарсы дауыс беруге қатысуға түрткі болуға бағытталған қызмет. Мемлекет азаматтарға, қоғамдық бірлестіктерге сол немесе өзге кандидатты, саяси партияны қолдап немесе оларға қарсы сайлау алдындағы кедергісіз үгіт жүргізу құқығына кепілдік береді.

Заңда сайлау алдындағы үгіт жүргізуге тыйым салынатын субъектілердің санаттары көзделген.

Оларға:

1) мемлекеттік органдар, жергілікті өзін өзі басқару органдары, сондай-ақ қызметтік міндеттерін атқару кезінде олардың лауазымды адамдары;

2) Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың әскери қызметшілері, ұлттық қауіпсіздік органдарының, құқық қорғау органдарының қызметкерлері және судьялар;

3) сайлау комиссияларының мүшелері;

4) діни бірлестіктер

5) шетелдіктер, азаматтығы жоқ адамдар, шетелдік заңды тұлғалар және халықаралық ұйымдар жатады, деп хабарлады ҚР ОСК.

Ескерте кетейік, елімізде 9 маусымда өтетін президенттік сайлау туралы барлық жаңалық пен сарапшылар пікірлерін  сайтымыздан #президенттік сайлау 2019 хештегі арқылы таба аласыздар.

Хабар 24 телеарнасы