378.87 423.00 5.88
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ОСК төрағасы ЕҚЫҰ байқаушыларымен кездесті

  • 90
  • UPD: 23:39, 08.05.2019
ОСК төрағасы ЕҚЫҰ байқаушыларымен кездесті

Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Берік Имашев сайлауды байқау жөніндегі Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы миссиясының өкілдерімен кездесті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жиын барысында еліміздегі саяси науқанның барлық кезеңдері талқыланды. Сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауына дайындық жұмыстары да қаралды. Бұдан бөлек миссия өкілдері 2017-2018 жылдары енгізілген сайлау заңнамасындағы негізгі өзгерістер, соның ішінде сайлау алдындағы үгіт жүргізуге, қаржыландыруға қатысты жаңа ережелер жөнінде хабардар болды.

Хабар 24 телеарнасы