379.36 421.60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордада сайлау байқаушылары дайындықтарын пысықтауға кірісті

  • 133
  • UPD: 23:38, 08.05.2019

Саяси науқанға мониторинг жүргізетін «Аманат» азаматтық платформасы оларға тәуелсіз байқаушының құқықтары мен міндеттерін түсіндірді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Халықаралық талаптар мен тәжірибе сөз болды. Алғашқы тренингке Нұр-Сұлтан қаласының 30 байқаушысы қатысты. Енді олар өз білгендерін басқа байқаушылармен бөліседі. Осылайша «Аманат» азаматтық платформасы сайлауға дейін 20 мың адамға арнайы тренинг өткізуді көздеп отыр.

Мұсағали Дуамбеков, «Аманат» азаматтық платформасының мүшесі:

- Қазақстанда 10 мың сайлау учаскесі бар. Әрқайсысына кемінде 2 бақылаушы дайындаймыз ба деген ойымыз бар. Үлкен жоба. Бұл тек бастамасы. Осыдан кейін аймақтарға, облыстарға шығып кетеміз.

Хабар 24 телеарнасы