378.89 422.90 5.88
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстан мен Еуропалық одақ арасындағы байланыс беки түседі

  • 86
  • UPD: 23:38, 08.05.2019

Nur Otan партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев Қазақстандағы Еуропалық одақ өкілдігінің басшысы Свен-Олов Карлссонмен кездесті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жиында тараптар арасындағы қарым-қатынасты одан әрі дамыту мәселелері талқыланды. Әсіресе партияаралық байланыстарды бекемдеу көзделген. Былтыр Қазақстан мен Еуропалық одақ арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың орнағанына 25 жыл толған еді. Кездесу кезінде Мәулен Әшімбаев осы байланыстың әлі де жалғасатынына сенім білдірді. Одан бөлек, Қазақстан көпвекторлы саясат ұстанатындықтан, шетелдік инвесторлар үшін қолайлы жағдай жасалатынын жеткізді.

Мәулен Әшімбаев, Nur Otan партиясы Төрағасының бірінші орынбасары:

- Біздің партия кеңсесінде өзіңізбен кездесіп отырғаныма өте қуаныштымын. Алда өтетін сайлауға жіті дайындалып жатырмыз. Біздің партия саяси доданың әділ әрі ашық өткенін қалайды.

Хабар 24 телеарнасы