379.46 421.60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Тіркеудің мерзімінен ерте аяқталуы үміткерлерге қандай мүмкіндіктер береді

  • 118
  • UPD: 23:36, 08.05.2019

Президенттікке үміткерлерді тіркеуді мерзімінен ерте аяқтау оларға өз сайлау бағдарламаларын мұқият дайындап, мазмұнын сайлаушыларға жете түсіндіруге мүмкіндік береді.

Әзербайжандық саясаттанушы Фархад Мамедов осылай дейді, деп хабарлайды «Хабар 24». Оның айтуынша, алдағы сайлаудың тағы бір ерекшелігі, үміткерлердің басым бөлігі президенттік сайлауға алғаш рет қатысып отыр. Бұл – даму бағытын сақтай отырып, оны жүзеге асырудың түрлі жолдары ұсынылады деген сөз.

Фархад Мамедов, саясаттанушы:

- Біріншіден, мұның бәрі сайлау процесінің демократияға, жергілікті заңдылық пен халықаралық талаптарға сай екендігін көрсетіп отыр. Екінші жағынан, Қазақстандағы қоғамдық үрдіс ұлттық мүдделерден тыс өтіп жатқан жоқ. Үміткерлердің барлығы ел дамуының мақсаттарына сай әрекет етуді көздейді. Бұл өте маңызды, өйткені әр елдің, әсіресе Қазақстан секілді ірі мемлекеттер үшін геосаяси астары бар. Осы тұрғыда Қазақстан халқы ұлттық мүдде мен қалыптасқан геосаяси жағдайды ескере отырып өз таңдауын жасайды деп сенемін.

Хабар 24 телеарнасы