378.87 423.00 5.88
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қырғызстандағы жерлестеріміз сайлауда дауыс береді

  • 112
  • UPD: 23:34, 08.05.2019

Бішкектегі Қазақстан елшілігі аумағында да сайлау бөлімшесі жұмыс істейтін болады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл – шетелдегі 65 сайлау бөлімшесінің бірі. Елшіліктің мәлімдеуінше, Қырғызстанда консулдық тіркеуде 213 адам бар. Бұлар – студенттер, бірлескен кәсіпорындардың қызметкерлері, дипломаттарымыз бен олардың туыстары және көрші елде тұрып жатқан азаматтарымыз. Сайлау күні көрші елге жолы түскен отандастарымыз да сол жақта дауыс бере алады.

Рымтай Кәрібжанов, Қазақстанның Қырғызстандағы елшілігінің кеңесшісі:

- Ең бастысы, тұлғаны растайтын төлқұжат болуы керек. Шетелдік төлқұжат немесе жеке куәлік. Сонда тізімге енгізіп, дауыс беруге құқығы болады. Бұрын есептен шығу талонын алу керек еді, қазір онсыз да дауыс беруге мүмкіндік берілген.

Хабар 24 телеарнасы