378.98 423.00 5.88
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


П.Кабаре: Қазақстан үнемі еркіндік пен ашықтықтың ауқымын кеңейтуге тырысып жүр

  • 86
  • UPD: 15:38, 10.05.2019

Франция және Қазақстан стратегиялық ынтымақтастығын нығайтуға ниетті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Франция парламентінде біздің елді Орталық Азия аймағындағы негізгі серіктес деп атап жүр. Өзара сауда айналымы жылына 3 миллиард еуроны құрайды. Қос мемлекет басшыларының келісімі бойынша, экономикалық байланыстар жаңа технологиялар, баламалы энергетика мен ауыл шаруашылығы салаларында дамымақшы.

Пьер Кабаре, Ұлттық ассамблея депутаты:

- 9 маусымда Қазақстанда сайлау өтеді. Елдеріңізді басқарып, халық мүддесіне сай экономикалық даму жолын жалғастыратын тұлғаны еркін сайлайтындарыңызға қуаныштымын. Жаңа басшыларыңыз Франциямен де серіктістекті жалғастырады деп үміттенемін. Қазақстан үнемі еркіндік пен ашықтықтың ауқымын кеңейтуге тырысып жүр. Біздің ел сіздермен экономикада және заң шығару саласында ынтымақтастық орнатқан. Барлық қазақстандықтарға жарқын болашақ тілеймін.

Хабар 24 телеарнасы