378.87 423.00 5.88
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Атырау облысында 40 мыңнан астам сайлаушы жұмыс орындарында дауыс береді

  • 170
  • UPD: 15:55, 10.05.2019

Атырау облысында сайлау күні 40 мыңнан астам адам мұнай-газ өнеркәсібінде еңбек вахтасында болады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жалпы, мұнайлы өңірде 407 мың сайлаушы тіркелген. Олар 262 сайлау учаскесінде өз таңдауларын жасайды. Қазіргі уақытта жергілікті әкімдік арқылы тізімдер нақтылануда. Күнтізбелік жоспарға сәйкес 20 мамырға дейін сайлаушылардың тізімдері учаскелік сайлау комиссияларына тапсырылуы тиіс. Ережеге сәйкес олардың дауыс беру құықтары толықтай сақталатын болады.

Азамат Айманакумов, облыстық-аумақтық сайлау  комиссиясының төрағасы:

- Олардың барлығының мүмкіндігінше сайлау құқықтарын қамтамасыз ету жұмыстары жүргізілетін болады. Әрине, енді Қашаған, Теңіз, кен орындары және Қарабатандағы жұмысшылар  үшін арнайы тасымалдау жәшіктері ұйымдастырылады. Қашаған кен орнындағы сайлаушылар үшін тікұшақпен дауыс беру мүмкіндігі қарастырылады.

Хабар 24 телеарнасы