379.36 421.60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жамбыл облысы сайлауға қызу дайындалып жатыр

  • 227
  • UPD: 19:52, 12.05.2019

Жамбыл облысында да қазір кезектен тыс президенттік сайлауға дайындық шаралары қызу жүріп жатыр.

Атап айтқанда әр кандидаттың штабы заң талаптарына сәйкес өз бағдарламасын түсіндіру шараларына кірісті. Облыста жалпы саны 484 сайлау учаскесі тіркеліп отыр. Олардың шекарасы, сайлау комиссиясының құрамы нақтыланды. Науқан кезінде 3750 комиссия мүшесі жұмыс істейді. Қазір учаскелік сайлау комиссиясының мүшелеріне қызметтік міндеттері түсіндіріліп, арнайы оқытылуда.

Сара Мәдиева, облыстық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары:

- Ең басты мақсатымыз сайлау күнгі жағдайдың барлығына комиссия мүшелері қырағы болуы керек. Практикалық тұрғыдағы тәжірибені осы қаладағы номері 8 гимназия мектебінде. Яғни бұл 28-сайлау учаскесі болып аталады. Осы жерге келіп, практикалық тұрғыда тәжірибе алмасып жатқан жағдайымыз бар.

Хабар 24 телеарнасы