378.77 425.70 5.86
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Сайлау-2019: 67 халықаралық байқаушы аккредиттелді

  • 95
  • UPD: 15:27, 13.05.2019

Қазақстан Президентінің кезектен тыс сайлауына 67 халықаралық байқаушы аккредиттелді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бүгін Сыртқы істер министрлігінің ұсынуымен 22 байқаушы бекітілді. Орталық сайлау комиссиясы өкілдері тізімнің әлі де жаңартылатынын жеткізді. Бүгінде 25 шетелдік БАҚ-тың сайлаудың әділ өтуін бақылауға өтініш білдіргені белгілі. 94 журналистің өтінімі құпталған. Жалпы, халықаралық байқаушылар тізімі ағымдағы жылдың 3 маусымы сағат 18.00-де толық бекітілетін болады.

Зәуреш Баймолдина, Орталық сайлау комиссиясының мүшесі:

- 6 мамырда өткен Ортсайлаукомның отырысында 45 байқаушыны аккредиттеу өткізгенбіз. Бұл байқаушылар 4 халықаралық ұйымның өкілдері болып отыр. ТМД, ЕҚЫҰ, Ислам ынтымақтастығы ұйымынан. Бүгін және де ЕЫҰ 22 ұйымның байқаушыларын аккредиттеуден өткіздік.

Хабар 24 телеарнасы