389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


СҚО-да 407 мыңнан астам сайлаушы тіркелген

  • 318
  • UPD: 15:27, 13.05.2019
СҚО-да 407 мыңнан астам сайлаушы тіркелген

Солтүстік Қазақстан облысында алдағы саяси науқанға дайындық жұмыстары қызу жүріп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазір өңірде барлық аумақтық сайлау комиссиялары мүшелерін қайта оқыту қолға алынды. Осыған дейін мамандар қашықтықтан оқытылса, енді заңнамаға сәйкес 20 мамырға дейін 3 мың 796 адам арнайы тренингтен өтеді.

Айта кету қажет, аймақта 407 мыңнан астам сайлаушы тіркелген. Ал науқанның жоғары деңгейде өтуін қадағалау үшін алыс-жақын шетелдерден 27 байқаушы келеді деп жоспарланып отыр.

Ерболат Бекшенов, облыстық сайлау комиссиясының төрағасы:

- Мамырдың 9-ынан бастап сайлау учаскелеріндегі жұмыстар басталып кетті. Қазіргі таңда олар қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етіліп жатыр. Облыс бойынша барлығы 663 сайлау учаскесі жұмыс істемек. Оның төртеуі биыл Петропавл қаласында жаңадан ашылып отыр.

Хабар 24 телеарнасы