379.36 421.60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ядролық қаруға тыйым салу туралы шартты Мәжіліс депутаттары ратифтикациялады

  • 213
  • UPD: 15:24, 15.05.2019

Мәжілісте ядролық қаруға тыйым салу туралы шарт ратификацияланды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бүгінде халықаралық құжатты 22 ел ратификациялаған екен. Ал шарт күшіне ену үшін әлемнің 50 елінің келісімі керек. Жалпы ядролық қаруға қарсы шарт 2017 жылдың шілдесінде Нью-Йоркте Біріккен Ұлттар ұйымының штаб пәтерінде өткен 72-сессияда қабылданды. Сол сәттен бері қауіпті қаруды таратпау саясатын ұстанған мемлекеттер күш біріктіріп, ортақ мәселелерді шешуде. Халықаралық құжатқа сәйкес елдер ядродық қарусыздану саясатын ұстану керек. Нақтырақ айтқанда, қауіпті жарылғыш заттарды әзірлемеу, сынамауға, жинамауға және сатуға жол берілмеуі тиіс. Айта кетерлігі, Қазақстан – Орталық Азия елдерінің ядролық азат зонасының мүшесі. Бұл – әлемдегі бесінші аймақ. Осы тектес келісімдер Африка елдерінде де бар. Моңғолия мемлекеті де қарудан азат ел ретінде танылды. Елімізде бұл бағытта кешенді шаралар қолға алынғаны белгілі. Алдағы уақытта зиянды газ шығарылымдарын қадағалау станциясы пайда болмақ. Бұл туралы Қазақстан Республикасының энергетика вице-министрі Әсет Мағауов мәлімдеді. Кезекті жоба канадалық мамандармен бірлесіп жүзеге асырылмақ.

Ержан Ашықбаев, ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары:

– Біздің қарусыздану үрдісіміздің аясында әріптес мемлекет болып отырған Америка Құрама штатымен бізді қоршаған Семей сынағынан басқа да алаңдардағы қоршаған ортаны қалпына келтіру және жалпы зардап шеккен адамдарды реабилитациялау шараларына кірісіп отырмыз. Біз полигондағы қауіпті аймақтарды физикалық қорғау тұрғысынан бекіттік. Бұл мәселелер шешілді. Яғни залал тигізетін аймақтарға баратын жолдар жоқ. Семей сынақ полигонының аумағы өте үлкен. Сондықтан оны аяғына дейін зерттеу мәселесі бұл сыртқы істер министрлігінің, басқа мемелкеттік органдарының жұмыс жоспарларында бар.

Хабар 24 телеарнасы