378.77 425.70 5.86
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ҚР Сыртқы істер министрі Б.Атамқұлов кипрлік әріптесімен кездесті

  • 78
  • UPD: 20:39, 15.05.2019

Қазақстан мен Кипрдің Сыртқы істер министрлері кездесті.

Бейбіт Атамқұлов шетелдік әріптесі Никос Христодулидиспен жүздесу барысында біздің тарап Кипрді Оңтүстік Еуропа аймағындағы маңызды серіктес санайтынын атап өтті. Бүгінде елімізде Кипр капиталы арқылы 200-ден астам компания жұмыс істейді. Әсіресе энергетика, құрылыс, инновация, азық-түлік өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы, туризм салаларында байланыс бекем. Кездесу соңында екі елдің министрлері ынтымақтастық және екіжақты саяси кеңес туралы меморандумға қол қойды. Сондай-ақ салықтан жалтарудың алдын алу бағытында қос ел үкіметтерінің арасында конвенцияға қол қойылмақ.

Бейбіт Атамқұлов, ҚР Сыртқы істер министрі:

- Өте табысты келіссөздерді өткіздік. Келіссөздер барысында біз екіжақты ынтымақтастықтың маңызды мәселелерін талқыладық. Саяси, сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық салаларда нақты жоспарларды белгіледік. Сондай-ақ халықаралық аренадағы өзара іс-қимылдың ортақ ұстанымдарына қол жеткіздік.

Никос Христодулидис, КР Сыртқы істер министрі:

- Бұл келісім екі ел арасындағы инвестициялық мүмкіндіктерді жақсартады. Мен бүгін өзімнің әріптесіме түрлі  саладағы екіжақты қарым-қатынасты одан әрі жақсарту үшін жол картасын әзірлеуді ұсындым. Екі ел арасында инвестиция, сауда, энергетика, ауыл шаруашылығы қатынасын одан әрі дамыта береміз.

Хабар 24 телеарнасы