378.77 425.70 5.86
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Брюссельде Қазақстандағы президенттік сайлауды өткізу тәртібі туралы брифинг өтті

  • 60
  • UPD: 17:51, 15.05.2019

Брюссельде Қазақстандағы президенттік сайлауды өткізу тәртібі және оған дайындық шаралары туралы баспасөз мәслихаты өтті.

Бұл шараға бельгиялықтармен қатар өзге де халықаралық ақпарат құралдарының тілшілері қатысты. Бельгия және Люксембургтегі Елшіміз, Еуроодақ және НАТО ұйымындағы Қазақстан миссиясының басшысы Айгүл Құспан тілшілерге еліміздегі сайлау заңдылығы мен жоғары лауазым үшін бәсекеге түсетін негізгі үміткерлер жөнінде баяндады.

Бельгия мен оған көршілес елдерде тұратын қазақстандықтар 9-ыншы маусым күні Брюссельдегі елшілікте орналасқан сайлау учаскесінде дауыс бере алады. 

Айгүл Құспан, қазақстанның Бельгия және Люксембургтегі Елшісі: 

- Тоғызыншы маусымда елшілігімізде номері 241-сайлау учаскесі ашылады, жұмыс істейді. Ол таңғы сағат жетіде ашылып, кешкі сағат сегізде жабылады. Әрбір Қазақстан азаматы келіп, өзінің дауысын бере алады. Ол үшін қолында тек ғана Қазақстан азаматының растайтың құжаты болу керек, күәлік немесе паспорт.

Хабар 24 телеарнасы