378.01 421.60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Дариға Назарбаева Кипрдің Сыртқы істер министрімен кездесті

  • 95
  • UPD: 22:39, 15.05.2019

Дариға Назарбаева Кипрдің Сыртқы істер министрі Никос Христодулидиспен кездесті.

Сенат спикері бүгін қос ел арасында бекіген құжаттардың маңыздылығын атап өтті. Бұдан кейін тараптар парламентаралық байланысты нығайтуға уағдаласты. Осы орайда жоғары палата төрағасы кипрлік депутаттарды тәжірибе алмасу үшін елімізге шақырды. Кездесуде екі елдің сауда-экономикалық байланысы да әңгіме өзегіне айналды. Мейман біздің мемлекетте Орталық Азия елдері үшін Кипрдің елшілігін ашуға ниетті екендіктерін жеткізді. Соңында Сенат спикерін гендерлік теңдік мәселесін талқылау үшін Кипрге шақырды.

Хабар 24 телеарнасы