378.01 421.60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елімізде үгіт-насихат науқаны қалыпты өтуде

  • 68
  • UPD: 15:28, 16.05.2019

Еліміздегі Кезектен тыс Президент сайлауының үгіт-насихат науқаны бірқалыпты өтіп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Белгілі саясаттанушы Данияр Әшімбаев осындай пікір білдірді. «Кандидаттардың сайлауалды бағдарламаларына қарап олардың бұл маңызды шараға қаншалықты дайындалғанын көруге болады», – дейді сарапшы.

Данияр Әшімбаев, саясаттанушы:

- Әр аймақтың өзіндік ерекшелігі бар. Кейбір облыстың тұрғындарын экология мәселесі мазалайды. Енді бірі жаңа жұмыс орындарына мұқтаж. Кейбірі қылмыстың өсуіне алаңдаулы. Сондықтан кандидаттар осындай жайттың барлығын ескерулері керек. Жалпы президенттікке кандидаттар үнемі ширақ жүруі тиіс. Алдағы дебаттарға тыңғылықты дайындалып келгендері жөн. Дебатта әркім өзінің білім деңгейін, ой-өрісін көрсетуі қажет.    

Хабар 24 телеарнасы