389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мемлекет басшысы ҚХР Мемлекеттік кеңесі Премьерінің орынбасарын қабылдады

  • 436
  • UPD: 17:55, 16.05.2019

«Қытай – еліміздің сыртқы саудадағы ірі серіктесі. Екіжақты сауда-саттықтың көлемі артып келеді».

Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай Халық Республикасының мемлекеттік кеңесі премьерінің орынбасары Хань Чжэн бастаған делегацияны қабылдауында осылай деді. Екіжақты кездесуде Президент мәртебелі мейманның бұл сапары сауда-экономикалық қатынастарды дамытуға септігін тигізеді деді. Сондай-ақ Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Қытай төрағасы Си Цзиньпиннің жақында өткен кездесуі арқылы стратегиялық серіктестік нығая түсетінін айтты. Кездесуде Қазақстан-Қытай бірлескен жобаларын жүзеге асыру, органикалық ауыл шаруашылығы өнімдерін экспорттау, трансшекаралық өзендерді пайдалану мен туризмді дамыту мәселелері талқыланды.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

– Қазақстан елордасына қош келдіңіз. Осы мүмкіндікті пайдаланып, Қытай төрағасына жылы ықыласымды, сәлемімді жеткізгім келеді. Астана экономикалық форумына сіз бастаған делегацияның қатысуы осы диалогты дамытуға сүбелі үлес қосатынына күмән жоқ. Мүмкіндікті пайдаланып, «Бір белдеу, бір жол» форумының сәтті өтуімен құттықтаймын. Төраға Си Цзиньпин алғаш рет жариялаған бастама әлем жұртшылығы тарапынан қолдау тапты. Н. Назарбаевтың «Үш.Д» ұсынуы аясында көп жақты құрылымдар сабақтастық идеясын орнату жатыр. Диалогтың осы форматы қауіпсіздікті қамтамасыз етіп, экономиканы дамытуға және инвестициялық тартымдылығын дамытуға бағытталған. Қытайдың дамуы бағытындағы Бейжіңнің күш-жігерін жоғары бағалаймыз.

Хань Чжэн, ҚХР мемлекеттік кеңесі премьерінің орынбасары:

– Қытай төрағасы Си Цзиньпин тарапынан сізге деген ыстық сәлемді жеткізгім келеді. Сіздің шақыруыңызбен Қазақстанға алғаш рет келіп отырмын. Еліңіз тәуелсіздік жылдары дамудың жоғары деңгейін көрсетті, қоғамда тұрақтылық орнап, экономика қарқынды дамып келеді. Тату көрші әрі стратегиялық серіктес мемлекет ретінде бұған біз де қуаныштымыз. Астана экономикалық форумы әлемнің тұрақты дамуына өз септігін тигізеді деп ойлаймын. «Бір белдеу, бір жол» форумында Қазақстанның Тұңғыш Президенті жаһандық қауымдастыққа маңызды үндеу жасады. Нұрсұлтан Назарбаевтың сөзіне тұтас әлем құлақ түрді. Өткен айда Нұрсұлтан Назарбаевқа Қытайдың ең жоғары орденін табыс еткен едік. Бұл екі ел ынтымақтастығының жарқын үлгісі десем болады. Алдағы уақытта осы әріптестік жалғаса береді деген сенімдемін.

Хабар 24 телеарнасы