378.77 425.70 5.86
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстан Президенті БҰҰ делегациясымен кездесті

  • 70
  • UPD: 22:57, 16.05.2019

Қасым-Жомарт Тоқаев Біріккен ұлттар ұйымы бас хатшысының орынбасары Армида Алисджабана бастаған делегацияны қабылдады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Кездесуде Мемлекет басшысы біздің елдің Біріккен ұлттар ұйымымен ашық әрі жан-жақты әріптестікке дайын екенін және кез келген шарасына қатысуға әзір екенін жеткізді. Ал шетелдік делегация өкілдері Президентке Астана экономикалық форумына қатысуға мүмкіндік бергені үшін алғыстарын білдірді.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

– Астана экономикалық форумына шақыртуымызды қабыл алғаныңыз үшін алғыс білдіремін. БҰҰ-ның осы форумға атсалысып, қолдау көрсеткені біз үшін өте маңызды. Қазақстан да өз тарапынан БҰҰ-ның барлық бастамаларын қолдауға дайын. Ұйымға қарасты агенттіктермен тығыз жұмыс істеп келеміз.

Армида Алисджабана, БҰҰ бас хатшысының орынбасары:

– Президент мырза, бүгін сізбен жүздесіп отырғаныма өте қуаныштымын. Астана экономикалық форумына шақырғаныңыз үшін алғыс айтқым келеді.

Хабар 24 телеарнасы