378.89 422.90 5.88
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Шымкентте сайлауға дайындық қызу жүріп жатыр

  • 63
  • UPD: 14:02, 17.05.2019

Шымкентте сайлауалды жұмыстар қызып жатыр. Кезектен тыс Президент сайлауына қатысатын 570 мыңға жуық халық шаһардың төрт ауданында орналасатын 260 сайлау учаскесіне барып өз таңдауын жасайтын болады.

Ал осы сайлау бекеттерінің 61-і  қаладағы Әл-Фараби ауданына тиесілі. Мұнда учаскелерді дайындау, оларға сараптама жасау, саяси науқан кезінде дауыс санау сынды өзге де жұмыстарды атқаруға 578 сайлау комиссиясының мүшелері тіркелген. Науқанда белсене іс атқаратын мамандар жуырда Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының филиалында каскадтық әдіспен электорадттық негізде білімін шыңдаған болатын. Олар қазіргі таңда аудандағы сайлаушылар тізімін анықтап, тиісті учаскелерге бөлу жұмыстарын пысықтауда. Аудандық сайлау комиссиясының сөзіне сенсек, алғашқы дайындық шаралары толығымен 20 мамыр күні жарияланатын болады.

Мелдебек Әділбаев, Әл-Фараби аудандық сайлау комиссиясының төрағасы:

- Бір сайлау учаскесінде орташа есеппен 2500-2700 адамнан. Біздің 61 сайлау учаскеміздің 10 жабық. Ол жабық деген сөз, тергеу изоляторларында әскери бөлімдерде шалғай орналасқан қаланың ішінде болсада. Одан кейін мынау емдеу сауықтыру орындарында жабдықталады. Сайлау учаскелеріміздің біршамасы дайын. Бірақ біз 20 күн қалғанда толық дайындап бітуіміз керек.

Хабар 24 телеарнасы