378.89 422.90 5.88
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Сайлау-2019: үгіт-насихат жұмыстарының алғашқы аптасы қалай өтті?

  • 78
  • UPD: 23:45, 17.05.2019

«Президент сайлауының үгіт-насихат жұмыстары үміткерлердің халықпен етене жақындасып, олардың көкейкесті мәселелерін тыңдауға жақсы мүмкіндік», – дейді бүгін Алматыда бас қосқан саясаттанушылар.

Олар алғашқы үгіт-насихат жұмыс аптасының өту барысына баға беріп, өз пікірлерін білдірді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Айдос Сарым, саясаттанушы:

- Алғашқы үгіт-насихат жұмыс аптасының басталуы, ол қай дәрежеде жүріп жатыр, олардың сайлауалды бағдарламасы қаншалықты толық немесе толық емес. Қаншалықты көңілге қонымды, қонымсыз. Бұлай жазуына не себеп болды деген сияқты кәсіби әңгіме. Сайлаушылардың бұларды қабылдауы бір бөлек болатын болса, бұл кәсіби жиын, кәсіби талқылау болғандықтан, мұндағы талқыланатын мәселер де, тереңдігі де басқаша.

Асқар Нұрша, саясаттанушы:

- Менің пікірімше, бұл жолғы сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары  қызықты әрі тартысты өтіп жатыр. Және үміткерлердің ұсынып отырған бағдарламасы да әртүрлі. Бірақ  мұнда әлеуметтік мәселелер алдыңғы қатарға шығып отыр. Оны шешу тетіктері әр үміткерде әрқалай көрсетілген. Ең бастысы, әр үміткер өз бағдарламасын таныстыру арқылы халықпен кездесіп, олардың  ұсыныс тілектерін тыңдайды.

Хабар 24 телеарнасы