379.46 421.60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Саясаттанушылар сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарына қатысты пікір білдірді

  • 151
  • UPD: 23:43, 17.05.2019
Саясаттанушылар сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарына қатысты пікір білдірді

Қазір еліміздің барлық аймақтарында ҚР президенттігіне үміткерлер халықпен кездесіп, саяси-экономикалық, әлеуметік саладағы оң өзгерістерді діттеген бағдарламаларын таныстыруға кірісіп кетті, деп хабарлайды «Хабар 24».

«Әзірге олардың көбінің өздеріне жақын саладағы аудиторияны таңдайтыны байқалады», – дейді саясаттанушылар.

Марат Шибұтов, саясаттанушы: 

- Үміткерлердің үгіт-насихат топтары қызу жұмыс істеп жатыр. Халық әр үміткер туралы ақпарат алып жатыр деп ойлаймын. Сайлауалды бағдарламаларын таныстыру барысында кандидаттар да өздеріне жақын аудиторияны таңдайтыны түсінікті. Мысалы, бірі шағын және орта бизнеске назар аударса, басқа үміткерлер ауыл халқымен кездесіп, сұхбат құрады.

Эдуард Полетаев, саясаттанушы: 

- Кейбір кандидаттардың бағдарламалары өте қысқа да нұсқа. Тұжырымдамалары нақты екенін көреміз. Тіпті 200 сөзден аспайды. Өйткені бүгінде ақпарат тез тарайтын ғаламтор арқылы тұрғындармен байланыс орнату тәсілін таңдаған шығар. Дегенмен үміткерлер өз сайлауалды бағдарламалын насихаттап, таныстыруда түрлі ақпараттық технологияларды қолданатындығына сенімдіміз.

Хабар 24 телеарнасы