389,75 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


БҰҰ Қазақстанның Сириядағы отандастарын елге қайтару бастамасын құптайды

  • 435
БҰҰ Қазақстанның Сириядағы отандастарын елге қайтару бастамасын құптайды

Біріккен ұлттар ұйымы Қазақстанның Сирияның жанжал аймақтарындағы отандастарын елге қайтару бастамасын құптайды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тәуелсіз сарапшы өзге мемлекеттерді осындай игі миссияны орындауға шақырады. Фионнуала Ни Аолэйнның айтуынша, Қазақстан әйелдер мен балаларды елге қайтару мүмкін екендігін көрсетті және орындауға болатынын дәлелдеді. Естеріңізге сала кетсек, «Жусан-2» операциясы аясында мамырдың 7-9 күндері Сириядан 231 отандасымыз елге жеткізілді. Оның 156-сы – балалар. Қазір елге оралғандар Ақтау қаласы маңында оңалтудан өтіп, жат ағым идеологиясынан айығуда. Бұған ең мықты теолог және психолог мамандары жұмылдырылған.

Фионнуала Ни Аолэйн, БҰҰ тәуелсіз сарапшысы:

– Бұл маңызды гуманитарлық бастама күрделі жағдайға ұшыраған балалар мен аналардың құқығын қорғап, жаһандық деңгейдегі елеулі мәселенің шешуіне жол ашады. Осындай іс-әрекетті қайталау – басқа мемлекеттердің жауапкершілігі. Қазақстанның гуманитарлық бастамасын өзгелерге үлгі етуге шақырамын.

Хабар 24 телеарнасы