380,56 429.20 5.98
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Асқар Мамин жұмыс сапарымен Түркістанға барды

  • 222
  • UPD: 21:43, 18.05.2019

Премьер-Министр Асқар Мамин жұмыс сапарымен Түркістан қаласына барды. Онда Үкімет басшысы халықаралық әуежайдың капсуласын салды.

Құны 70 млн доллар болатын нысан Қазақстан мен Түркияның біріккен жобасы. Әуежай барлық халықаралық талаптарға сай болады. Сонымен қатар жылына 3 млн жолаушы қабылдауға қауқарлы. Құрылыс жұмыстары 2020 жылдың желтоқсан айында толық аяқталып, пайдалануға беріледі. Жалпы бұл күні Түркістан облысында құны 970 млн доллар болатын 5 меморандумға қол қойылды. Олар қуаттылығы 100 мегаватт болатын күн электр станциясы мен Кентау қаласында бой көтеретін 200 меговаттық күн және жел электр станциясын салу, «Түркістан» индустриалды аймағында энергетикалық жабдықтар мен өнім өндіруге арналған Қазақстан-қытай индустриялық паркінің құрылысын бастау, Келес ауданы аумағындағы 500 гектар болатын жылыжай мен Сайрамдағы 21 гектар жерге орналасатын жылыжай кешенін салу жөнінде келісім жасалды. Өңірге сапары барысында Премьер-Министр әкімшілік-іскерлік орталығы мен басқа да салынып жатқан әлеуметтік нысандардың құрылыс алаңында болды. Оның ішінде мектеп, оқушылар сарайы, ХҚКО, туристік бағыттағы колледж бен ойын-сауық демалыс саябағы да бар.

Хабар 24 телеарнасы