389,53 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Асқар Мамин Армения президентімен кездесті

  • 369
  • UPD: 12:30, 20.05.2019
Асқар Мамин Армения президентімен кездесті

Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Асқар Мамин Нұр-Сұлтан қаласына ХІІ Астана экономикалық форумына қатысу үшін келген Армения Республикасының президенті Армен Саркисянмен келіссөздер жүргізді, - деп хабарлайды Премьер-министрдің ресми сайты.

Әңгімелесу барысында экономика саласындағы Қазақстан-Армения қатынастарының өзекті мәселелері, өзара тиімді ынтымақтастықты, оның ішінде Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы өзара іс-қимылды кеңейту және тереңдету перспективалары талқыланды.

Тараптар атап өткендей, өзара іс-қимылға Сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссия жұмысын күшейту айтарлықтай серпін береді. Елдердің нарықтарына жасалған талдау химия өнеркәсібі, машина жасау және ауыл шаруашылығы салаларындағы өзара жеткізілімдерді ұлғайту мен сауда-саттықты әрі қарай кеңейту әлеуетін көрсетті.

Армения президенті Армен Саркисян жасанды зердені, энергетиканы, логистиканы, авиацияны, ғарыш саласын, аргоөнеркәсіптік кешенді, қоршаған ортаны қорғау, білім беру және туризм саласын дамыту тұрғысынан цифрландыру салалары екіжақты қарым-қатынасты тереңдетуге қызығушылық тудыратынын айтты.

Өз кезегінде ҚР Үкіметінің басшысы Асқар Мамин экономикалық қарым-қатынастарды толыққанды форматта дамытуға, тауар айналымы көлемі мен инвестициялық ынтымақтастықты арттыруға қызығушылығын білдірді.

Хабар 24 телеарнасы