378,83 431.00 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Маңғыстау облысында сайлаудың әділ өтуін қадағалайтын тәуелсіз бақылаушылар оқытылды

  • 204
  • UPD: 15:28, 20.05.2019

Маңғыстау облысында Президент сайлауының әділ әрі ашық өтуін қадағалайтын 20-ға жуық тәуелсіз бақылаушы оқытылды.

Семинар-тренингті «Аманат» азаматтық платформасының мүшелері жүргізді. Білім алған мобильді капитандар ары қарай өзге де бақылаушыларды үйретеді. Олар аймақтағы 223 сайлау бөлімшесінде халықаралық стандарт бойынша бақылау жасамақ. Дәл сайлау күні ғана емес, оған дейінгі барлық іс-әрекеттерді қадағалайды. Сайлаушыларға сайлау науқаны жөнінде ақпараттарды беріп, олардың заңды құқықтарын түсіндіреді. Сайлау учаскелерінің жұмысын әлеуметтік желі арқылы бақылайды. Қоғам мен мемлекеттік органдардың ынтымақтастығын теңестіруге күш салады.

Арман Ешмұратов, «Аманат» республикалық штабының мүшесі:

- Өте маңызды нәрсе ол анализ жасау, сараптама. Сайлау біткеннен кейін біздің бақылаушылар қандай бізге ақпарат берді, соларға сараптама жасап, өзіміздің нұсқауларымызды береміз. Мүмкін сайлау заңын өзгертуге бола ма, не істеу керек екенне сараптама жасалады. Осы бағытта жұмыс істейміз.

Хабар 24 телеарнасы