389,75 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ҚХА өкілдері: Сайлауға бір кісідей қатысамыз

  • 581
  • UPD: 23:40, 20.05.2019

Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері кезектен тыс Президент сайлауына қатысады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олар бірлік пен татулығы жарасқан елімізде әділ билік орнауына жақ. Осы орайда елордада 20 шақты этномәдени орталық өкілдерінің қатысуымен арнайы жиын өтті. Жиналғандар қазақстандықтарды маңызды саяси науқанға немқұрайлы қарамауға шақырады. Олардың айтуынша, Президент сайлауына үлкен жауапкершілікпен қарау керек. Ал Нұр-Сұлтан қаласында бастау алған бұл жиын еліміздің әр түкпіріндегі ауқымды форумға ұласатын болады.

Әскер Пириев, қалалық түрік этномәдени орталығының төрағасы:

- Бүгін мына жақта бастамасын алып, бірақ бүкіл этномәдени өкілдерінің атынан сөз сөйлеуге құқығымыз бар. Осы электораттық акцияның арқасында еліміздің бүкіл өңірінде форумдар, іс-шаралар үгіт-насихаттың соңына дейін болады деп айтуға болады.

Хабар 24 телеарнасы