384.05 434.70 5.96
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Д.Назарбаева Армения Президентімен кездесті

  • 194
  • UPD: 23:39, 20.05.2019
Д.Назарбаева Армения Президентімен кездесті

Парламент Сенатының төрағасы армян кәсіпкерлерін Қазақстан нарығына қаржы салуға шақырды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Дариға Назарбаева мұндай ұсынысты Армения Президенті Армен Саркисянмен кездесуінде айтты. Сондай-ақ мәртебелі мейманға Астана экономикалық форумына арнайы келгені үшін және Еуразиялық медиа форумды үнемі қолдайтыны үшін алғыс білдірді. Армения ұлттық жиынымен арадағы ынтымақтастыққа ерекше атап, парламентаралық достықты тиімді пайдаланудың маңыздылығына мән берді. Өз кезегінде Армения Президенті елдегі саяси жағдайларға тоқталып, жасанды интеллект, компьютерлік технология және тағам қауіпсіздігін сақтауда өз тәжірибесімен бөлісуге дайын екенін жеткізді.

Хабар 24 телеарнасы