380,56 429.20 5.98
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыда президенттік сайлауға дайындық барысы талқыланды

  • 203
  • UPD: 23:38, 20.05.2019
Алматыда президенттік сайлауға дайындық барысы талқыланды

Алматыда еліміздегі корейлер қауымдастығы Қазақстан халқы Ассамблеясы өкілдерінің басын қосып, Президент сайлауына дайындық барысын талқылады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Кездесуде әр кандидаттың сайлауалды бағдарламалары байыпталды. Жиынға қатысушылардың пікірінше, үгіт-насихат науқаны заң талаптарына сай өтіп жатыр. Сайлауда дауыс беруге құқылы әр азамат өз таңдауын жасауы тиіс. «Ал мемлекетіміздің одан әрі дамуы жастардың қолында дейтін болсақ, олар осындай кезеңде бейтарап қалмауы керек», – дейді сарапшылар.

Сергей Огай, Қазақстан корейлері қауымдастығының төрағасы:

- Президент сайлауы сынды саяси маңызы зор оқиғада жастардың белсенді болғаны абзал. Олар жаңа заманда өмір сүреді, еліміздің болашақ даму бағытын айқындауға үлес қосады. Сондықтан жастар пікірі маңызды.

Хабар 24 телеарнасы