383,62 430.12 5.96
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Д.Назарбаева БҰҰ Бас хатшысының саяси мәселелер жөніндегі көмекшісімен кездесу өткізді

  • 238
  • UPD: 23:36, 20.05.2019

Парламент Сенатының төрағасы Дариға Назарбаева БҰҰ Бас хатшысының саяси мәселелер жөніндегі көмекшісі Мирослав Енчамен кездесті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Онда Орталық Азиядағы қауіпсіздікті қолдау, өңірлік ынтымақтастық және халықаралық күн тәртібіндегі мәселелер талқыланды. Сенат төрағасы Қазақстан халықаралық қауіпсіздіктің аса маңызды қатерлері мен даму саласындағы өзекті мәселелерді шешудегі БҰҰ-ның жетекші рөлін ұдайы қолдап келе жатқанын атап өтті. Ал Мирослав Енча болса БҰҰ ядролық қарусыздандыру және оның таралмауы үдерістеріне үлес қосқан Қазақстанның Тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың еңбегін ерекше бағалайтындығын, сондай-ақ Қазақстанның Сирия мен ауған мәселелерін реттеу жөніндегі маңызды бастамаларын жоғары бағалайтынын атап өтті.

Хабар 24 телеарнасы